«AMANAT» халықпен бірге!
«AMANAT» халықпен бірге!
251
оқылды
«AMANAT» партиясынан Ақмола облыстық мәслихат және Көкшетау қалалық мәслихаты депутаттығына кандидаттар Көкшетаудағы "Алтын PlAZA" базарында тұрғындардың өтініш-тілектерін қабылдады. Жалпы, мұндай мобильдік қабылдаулар әр сенбі және жексенбі күндері өңірдің барлық ірі сауда үйлерінде жүріп жатыр. Мобильдік қоғамдық қабылдау ұйымдастырған іс-шараның басты мақсаты – халықтың мәселесін тыңдау, өтініш-тілектерін қабылдау әрі алдағы жұмыс үшін жазып алу. Көкшетаудағы ең ірі сауда базарында аманаттықтар партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, алдағы 5 жылда болатын оң өзгерістерді талқылады. Мәселен, «AMANAT» партиясының Ақмола облысы бойынша сайлауалды бағдарламасында   2027 жылға дейін тоқсан үш мың жаңа жұмыс орнын ашуға, орташа жалақыны үш жүз жиырма мың теңгеден асыруға, 162 кәсіпкерлік субъектісіне қаржылай көмек көрсетуге,  бір миллион гектар жерді мемлекет меншігіне қайтаруға, 259 ауылдық жерлердің инфрақұрылымын жаңартумен қатар 39 жаңа мектептің, 38 алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысанының, 9 спорт нысанының құрылысына жәрдемдеседі және 6 денешынықтыру-сауықтыру кешенінің ашылуына ықпал етеді. Өмір сүру сапасын жақсарту үшін  үш миллион шаршы метр тұрғын үй салуға, жергілікті маңызы бар мың жарым шақырым автомобиль жолдары мен алты көпірдің құрылысына кепілдік береміз. Көкшетаулықтар үшін бас ауруына айналған Қылшақты өзенін тазартуды бақылауға алмақ ниетте. Жалпы, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары кезеңінде халықтан 1000-ға жуық  ұсыныс-тілек келіп түскен. Олардың дені  халықты тұрғын үймен қамту, елді мекендерде жол, су мәселесін шешу, әйелдердің зейнет жасын төмендету. Барлық өтініштерді кандидаттар жазып алып, алдағы жұмысқа қабылдап алды.   Ақмола облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған "AMANAT" партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді