Студенттер арасында үстел теннисінен республикалық турнир өтті
Студенттер арасында үстел теннисінен республикалық турнир өтті
Фото: Марат Жүнісбеков
635
оқылды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Наурыз мерекесі қарсаңында жоғары оқу орындары арасында үстел теннисінен республикалық турнир болып өтті. Ping Pong Challenge Almaty – 2023 деген атаумен  өткен жарысқа еліміздегі 19 жоғары оқу орнынан 24 команда қатысты. Аталған спорттық шара әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің басқарма төрағасы – ректоры Жансейіт Түймебаевтың бастамасы әрі қолдауымен өтті. Спорттық доданы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің басқарма мүшесі – Операциялық қызмет жөніндегі проректор Әсел Уәлиева құттықтау сөзбен ашты.    width=
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Наурыз мейрамын жаңаша атап өту және оның маңыздылығын арттыру жөнінде арнайы тапсырма берген болатын. Осыған байланысты Наурыз мейрамын мерекелеудің жаңа тұжырымдамасы дайындалған болатын. Оның басым бағыттарының бірі – бұқаралық іс-шаралар мен спорттық ойындар ұйымдастыру. Бүгінгі үстел теннисінен ЖОО командалары арасындағы республикалық чемпионат осы Тұжырымдама аясында өткізіліп отыр. Шараның мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау», – деді университет проректоры.
   width= Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі бірінші орынға Сүлейман Демирель университетінің командасы ие болды. Екінші орынды Narxoz университетінің командасы жеңіп алса, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің командасы үшінші орынды місе тұтты. Жарыс жеңімпаздарына арнайы диплом мен чемпионат кубогы табыс етілді.

Алматы