«AMANAT»-тың сайлауалды штабы Павлодар облысының тұрғындарымен кездесті
«AMANAT»-тың сайлауалды штабы Павлодар облысының тұрғындарымен кездесті
539
оқылды
«AMANAT» партиясы республикалық сайлауалды штабының мүшелері Павлодар облысында сайлаушыларымен кездесті. Партиялықтар Б.Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС ұжымымен еңбекақыны индекстеу және жұмысшылардың құқықтарын қорғау мәселелерін талқылады. «Біз өміріміздің бақуатты әрі қауіпсіз болғанын қалаймыз. Балаларымыздың жарқын болашағы үшін алға ұмтыламыз. Мемлекет басшысының Әділетті Қазақстан құру бағыты дәл осыны көздейді. Біз үшін бұл абыройлы әрі қол жеткізуге болатын мақсат. Ол үшін бірлігімізді бекемдеп, әрбіріміздің ел өміріне белсенді араласуымыз маңызды. Баршаңызды сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауыңызды жасауға шақырамын», - деп атап өтті «AMANAT»-тың Атқарушы хатшысы Елнұр Бейсенбаев.    width= Бұдан соң РСШ мүшелері Екібастұз тұрғындарымен экспромт-кездесу өткізді. Жүздесуде партияның сайлауалды бағдарламасында көрсетілген инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымды сапалы жаңғырту жөніндегі шаралар туралы айтылды. Алдағы 5 жылда партия жылумен жабдықтау жүйелеріне техникалық аудит жүргізуге, жылумен жабдықтау проблемаларын шешу бойынша аумақтық жол карталарын әзірлеуге кепілдік береді. Партия Үкіметтің тек ірі қалалар мен астанаға ғана емес, еліміздің барлық өңіріне назар аударуын қамтамасыз етеді.    width= Павлодар қаласында штаб мүшелері сайлаушылардың талап-тілектерін қабылдады. Негізінен азаматтарды жұмыспен қамту, тұрғын үй салу, жол жөндеу және т.б. мәселелер алаңдатады. Қоғам белсенділерімен және өңір жастарымен кездесуде аманаттықтар партияның өскелең ұрпақтың өз қабілет-қарымын жүзеге асыруы үшін жағдай жасау жоспарлары туралы айтып берді. Осы күні аманаттықтар Павлодар облысындағы бірмандатты сайлау округтері бойынша кандидаттармен үгіт-насихат науқанын жүргізудің өзекті мәселелері туралы әңгімелесті.