Еліміздің мерекелік күнтізбесі жаңа даталармен толықты. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің ресми сайты хабарлады. Қазақстан Республикасының Үкіметінің 9 наурыздағы қаулысы бойынша «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына өзгерістер енгізілді.
«Көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесінде 35 және 36-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: Мұғалім күні – 5 қазан, Қорғаныс өнеркәсібі қызметкерлері күні – 6 қазан. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі», – делінген хабарламада.