Астана қаласы мәслихат депутаттығына кандидат сайлау бағдарламасын ұсынды
Астана қаласы мәслихат депутаттығына кандидат сайлау бағдарламасын ұсынды
314
оқылды
Астана қаласының №12 округ бойынша мәслихат депутаттығына кандидат – Әбенов Ерсін Бақтыбайұлы. Жұмыс өтілін 2000 жылы Қазақстан темір жолы компаниясының Аумақтық ақпарат есептеу орталығы филиалынан бастап, ҚТЖ компаниясының әртүрлі салаларында (олар Тасымалдау дирекциясы (ЦД), ҚТЖ орталық аппараты, ТОО Қамқор,  Тұлпар Тальго зауыты) және Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігінде жұмыс атқардым.   Менің «ӨЗГЕРІС – ӨЗ ҚОЛЫМЫЗДА!» атты сайлауалды бағдарламам қаламыздың әр саласындағы мәселелер бойынша бірнеше бағыттан тұрады: Атап айтатын болсақ:
  1. Астана қаласының мәселелері;
  2. Денсаулық сақтау саласын дамыту;
  3. Білім беру саласындағы кемшіліктерді шешуге ықпал жасау;
  4. Жұмыспен қамтамасыз ету шаралары;
  5. Отбасылық әлеуметтік мәселелер.
  Бұл көрсетілген бағыттарды ашып айтатын болсақ, олар келесі бөлімдерді қамтиды:
  1. Астана қаласының мәселелері.
– Қауіпсіздік шаралары бойынша: 1) Онлайн форматта бейне бақылау және оған қосылу шаралары; 2) Патрульдік полиция қызметін күшейту; 3) Жолдан өту ережелері; 4) Балаларымыздың балабақшаға және мектепке барар жолдағы қауіпсіздігі. – Қала комфорттығы бойынша: 1) Тұрғын үй ауласы; 2) Көшелердің тарлығы; 3) Тегін ашық автотұрақтар; 4) Тегін жабық автотұрақтар (паркингтер); 5) Балалар ойын алаңы; 6) Парктегі тегін балалар ойын құрылғылары; 7) Саябақтар; 8) Спорттық кешендер; 9)  Қосымша білім беру орындары; 10) Аялдама жағдайы; 11) Автобус жетіспеушілігі; 12) Муровейник. – Экология, оның ішінде: 1) Аула тазалығы; 2) Ауа тазалығы; 3) Көмірдің зиянды шығындары (ТЭЦ, смог); 4) Газбен қамтамасыз ету; 5) Таза су; 6) Натуралдық тауарлар.
  1. Денсаулық сақтау саласын дамыту.
– Емханаларға байланысты: 1) Жетіспеушілігі; 2) Кезекте тұру; 3) Мамандардың жетіспеушілігі; 4) Арнайы құрылғылар; 5) Халықты медициналық сақтандыру. – Ауруханаларға байланысты: 1) Жетіспеушілігі; 2) Мамандардың жетіспеушілігі; 3) Жедел көмек; 4) Ота жасауда мемлекеттік шаралар; 5) Шетелдегі ем шараларын мемлекеттік қаржыландыру.
  1. Білім беру саласындағы кемшіліктерді шешуге ықпал жасау.
– Балабақшаларға байланысты: 1) Жетіспеушілігі; 2) Тәрбиелеушілер жетіспеушілігі және олардың айлығы; 3) Кезекте тұру; 4) Балалар қауіпсіздігі; 5) Автотұрақ. – Орта және жоғары оқу орындарына байланысты: 1) Мектептердің жетіспеушілігі; 2) Ұстаздардың жетіспеушілігі; 3) Мектептегі бала санының көптігі; 4) Мектептегі қауіпсіздік; 5) Мектепте қосымша білім беруді мемлекеттік қолдау; 6) Мектеп маңындағы автотұрақ; 7) Мектепті автобуспен қамтамасыз ету; 8) Тегін кәсіптік оқыту; 9) Тегін жоғарғы оқу орын; 10) Парақорлық; 11) Мамандандырылған практика; 12) Сырттай оқу бөлімі.
  1. Жұмыспен қамтамасыз ету шаралары бойынша: 1) Шетелдік азаматтардан бұрын ел азаматтарын орналастыру; 2) Жаңа жұмыс орындарын тегін жарнамалау; 3) Әкімшілік қолдауымен шәкірт ақы төлеп оқыту; 4) Жаңа жұмыс орнын ашуды мемлекеттік қаржыландыру; 5) Мемлекеттік қызметке орналасу жолдары.
  2. Отбасылық әлеуметтік проблемалар: 1) Көп балалы отбасыларға көмек; 2) Әлеуметтік төлемдер; 3) Мемлекет тарапынан үймен қамтамасыз ету; 4) Компаниялар тарапынан жұмыскерлерді үймен қамтамасыз ету; 5) Көмір жетіспеушілігі мен бағасы; 6) Тауар бағаларының шарықтауын болдырмау үшін жеке және мемлекеттік шаралар; 7) Мемлекеттік бағдарламада ажиотажды болдырмау.
  Көрсетілген бағдарлама бойынша сіздердің сұрақтарыңызды тыңдап, ұсыныстарыңызды қарастырып қосу жайлы кездесіп сөйлесуге дайынмын. Қала тұрғындарының ұсынысы бойынша, толықтырылған ақпаратты менің ФБ және инстаграм жеке парақшаларымнан оқып танысуларыңызға болады. https://www.facebook.com/profile.php?id=100014653576488&mibextid=ZbWKwL Осы көрсетілген бағдарламаны жүзеге асыру үшін:
  1. Әкімшілік тарапынан нормативтік құқықтық актілерді, шешімдерді және өкімдерді шығаруда ықпал жасау.
  2. Бұған дейін бекітілген нормативтік құқықтық актілерге ревизия жасап қайта қарастыру және оны қала тұрғындарының мүддесіне қарай қайта бекіту.
  Астана қаласының 12-ші округ тұрғындарын маған дауыс беруге шақырамын!!!