Қылмыстық ортада «Серік-голова» лақап атымен белгілі қылмыскер Серік Жаманаев Алматы облысы маңында ұсталды. Онымен бірге қылмыстық ортада белгілі тағы 6 адам құрықталды. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, 1 ақпан күні Серік Жаманаев басқаратын ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кескен. Бұл операция Ішкі істер министрлігімен бірлесе отырып, атқарылып отыр. Сондай-ақ Жаманаевпен бірге ауыр және аса ауыр қылмыс жасауға, оның ішінде зорлық-зомбылықты жасауға қатысы бар деген күдікпен ұсталған алты адам Алматыдағы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Өйткені күдіктілердің тұрғылықты жерін тексеру барысында автоматты және жартылай автоматты қару-жарақ, ірі көлемде ақша мен қол астындағы мүліктерінің басқа біреулерден тартып алғанын растайтын заттар табылып, тәркіленді. Қазір ҰҚК мен Ішкі істер министрлігінің ведомствоаралық жедел-тергеу тобы сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.