AMANAT: Алматы облысында туризм саласын дамытамыз
AMANAT: Алматы облысында туризм саласын дамытамыз
Алматы облыстық филиалы атынан облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Талғат Байеділов Кеген ауданында келелі кездесу өткізді. Үміткер Тұйық ауылына барып, бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысты. Сапардың мақсаты – алдағы саяси кезеңнің маңыздылығын түсіндіру, партияның сайлауалды бағдарламаларын насихаттау. Үгіт жұмыстары барысында Тұйық ауылы жұртына «AMANAT» партиясының алдағы 5 жылға арналған жоспары таныстырылды. Кандидаттың сөзіне сүйенсек, 2027 жылға дейінгі партия жұмысы халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартып, өңір әлеуетін арттыруға бағытталмақ. Осы орайда, өндіріс орындары санын арттыруға, жұмыссыздық деңгейін төмендетіп жол, білім, туризм саласын өркендетуге күш салынады.  width=
«Біздің бағдарлама азаматтардың қоғамдық қабылдау кезінде айтылған талап-тілектері негізінде жазылды. Аймақтағы талай жылдан бері қордаланған проблемасының шешілу жолы жазылды. Біз Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамаларын жалғастырушы құрылым болып, Қасым-Жомарт Кемелұлының саясатына әрдайым қолдау білдіреміз. Өйткені, ел Президенті мен Партияның жоба-жоспарының мақсаты бір – халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту. Осы орайда, біз Алматы облысына инвесторларды тарту арқылы, 175 мың жаңа жұмыс орнын ашуды көздейміз. Орташа жалақы көлемін 400 мыңға дейін арттыруға атсалысамыз», − деді жиынла Талғат Байеділов.
 width= Кандидат аймақтағы туризм, медицина, білім саласын дамыту жайында сөз өрбітті. Мұнымен қоса, өңірдегі инфрақұрылым мәселесін көтеріп, бағдарламадағы оның нақты шешілу жолдарын тілге тиек етті. Жиылғандарды толғандырған проблемаларды сұрастырып, нақты жауап берді. Өз кезегінде партияның нақты жопарына тұрғындар ризашылығын білдіріп, дауыс беруге ниетті екендерін жеткізді. Алматы облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.