«AMANAT»: Алматы облысына медициналық кадрларды тартуға күш салынады
«AMANAT»: Алматы облысына медициналық кадрларды тартуға күш салынады
217
оқылды
Талғар ауданында «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалы атынан облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Айдар Сарипов аурухана дәрігерлерімен кездесті. Мұндағы мақсат – саяси кезеңнің маңыздылығын түсіндіру, партияның сайлауалды бағдарламаларын таныстыру. Облыстың медициналық мекемелерінде 2,8 мың дәрігер және 9,1 медбике жұмыс істейді. 181 (53,2%) денсаулық сақтау ұйымдары жалға берілетін және бейімделген үй-жайларда орналастырылған, Денсаулық сақтау ғимараттарының тозуы 40,1%-ды құрайды. Аймақ бойынша 105 дәрігер тапшылығы байқалады. Сондықтан «AMANAT» партиясы сайлауалды бағдарламасында осы проблемалардың шешілу жолын айқындаған. Талғарлық медицина мамандарымен кездесуде Айдар Сарипов осы тақырып төңірегінде сөз қозғады. Партияның 2027 жылға дейінгі жоспарын кеңінен түсіндірді.  width= «255 бірлік медициналық жабдықты, оның ішінде стационарлық және жылжымалы флюорографтар, сараптамалық сыныпты УДЗ, цифрлық маммографтар, бейнеэндоскопиялық кешендер, бейнефиброскоптар, жылжымалы рентген аппараттарын сатып алу арқылы алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарын 100%-ға дейін қажетті аппараттармен қамтамасыз етеміз. Денсаулық сақтау ғимараттарының тозуын 30%-ға дейін төмендетуге күш саламыз.  Облысқа медициналық кадрларды тарту үшін баспанамен қамту жайын қарастырамыз», - деді жиында Айдар Сарипов. Сонымен қатар, кандидат сайлауалды бағдарламаның өзге де өзекті тұстарын сөз етті. Тұрғындар сұрағына жауап беріп, оларды толғандырған мәселелерін тыңдады. Өз кезегінде партия бастамаларымен танысқан дәрігерлер қауымы жобаларына ризашылықтарын жеткізді. Алдағы саяси науқанда қолдау білдіретіндерін атап өтті.

Алматы облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді