Ел мәселесін мәслихат мінберінен көтеруге әзір
Ел мәселесін мәслихат мінберінен көтеруге әзір
299
оқылды
Бүгін «AMANAT»-тың партиялық тізімі бойынша Астана қалалық мәслихат депутаттығына ұсынылған Кендебай Адамбеков пен Бахаргүл Төлеген «ҚазТрансОйл» АҚ қызметкерлерімен кездесті. Компания ішкі және сыртқы нарыққа құбыр арқылы мұнай тасымалдаумен айналысады. Ұлттық құндылықтарды насихаттап жүрген «Әдемі-ай» ЖШС директоры Бахаргүл Төлеген жергілікті мәслихатта рухани дамуға баса көңіл аударатынын жеткізді. Сонымен бірге астаналықтардың әлеуметтік-тұрмыстық ахуалын да назардан тыс қалдырмайтынын айтты.  width= «Мен – анамын, сондықтан көпбалалы және әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасылардың мүддесін қорғаймын. Мен – бизнесменмін, сондықтан кәсіпкерлердің  құқын қорғаймын. Мен – қазақпын, сол себептен де ұлттық құндылықтардың насихатталуына бар күш-жігерімді жұмсаймын», – деді үміткер. Ал Астана қаласы әкімінің кеңесшісі Кендебай Адамбеков жұмыс барысында талай әлеуметтік мәселелерді шешуге араласқанын айта келіп, енді депутаттыққа сайланып жатса, көпшіліктің проблемасын мәслихат мінберінен көтеретінін жария етті. «AMANAT» партиясының әлеуеті күшті, қатары қалың, ел игілігі үшін талай ауқымды жұмыстарды атқарды. Рас, алда атқаратын жұмыстар одан да көп, сондықтан осы ұйымның қатарында жүріп, халқыма бір пайдам тисін деген ниетпен депутаттыққа түсіп жатырмын», – деді К.Адамбеков. Сондай-ақ, үміткер құқық қорғаушы органның өкілі ретінде Астананың  ел тұрмысына жайлы, қауіпсіз қалаға айналуына үлес қосатынын жеткізді.

 Астана қаласы мәслихатының депутаттарын сайлауда партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді.