«AMANAT» партиясының үміткерлері әуежай қызметкерлерімен кездесті
«AMANAT» партиясының үміткерлері әуежай қызметкерлерімен кездесті
444
оқылды
«AMANAT» партиясынан Астана қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Ғабит Тәжімұратов Нұрсұлтан Назарбаев әуежайының қызметкерлерімен кездесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Азаматтық Авиация қауымдастығының Президенті Ғабит Тәжімұратов Мемлекет басшысының Әділетті Қазақстан құру бағытын қолдайтынын айта келе, бұл абыройлы партия үшін қол жеткізуге болатын басты мақсат екенін жеткізді. Оның айтуынша, елорданың кез келген тұрғыны қауіпсіз қоғамда бақуатты өмір сүруі тиіс. Сонымен қатар жастарға бар жағдай жасау керек.  width=
«Қазақстандағы әр отбасы бақуатты өмір сүруге тиіс. Біздің күш-жігеріміз әр азаматтың әл-ауқатын жақсартуға, табысын арттыруға бағытталады. Бүгінде көптеген кәсіпорын жұмыс орындарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды елемейді. Олар еңбек жағдайын жақсартуға мүдделі емес, қызметкерлерінің денсаулығына жауап бермейді. Бұдан былай бәрі өзгереді және Біз әділдікті қалпына келтіреміз. Жастар – біздің болашағымыз. Жаңа ұрпақ еліміздің стратегиялық бағытының қозғалтқышына айналуы тиіс. Елордада 300 мыңнан астам жас тұрады, олардың  82 мыңы студенттер. Қалада жастардың ойдағыдай әлеуметтенуіне, олардың әлеуетін дамытуға барлық жағдайлар жасалуда. «AMANAT» партиясы жастарды жан-жақты қолдауды одан әрі жалғастырады. Жыл сайын жастар үшін 500 пәтер сатып алу көзделген», – деді Ғабит Тәжімұратов.
 width= «АМАНАТ» партиясы азаматтарымыздың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жан-жақты жақсартуды жақтайды. Бұл жұмыстың негізгі бағыттарының бірі – тұрғын үй құрылысының қарқынын одан әрі арттырып, тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету. Күрделі жөндеуді қажет ететін тұрғын үй қорын жаңғырту, 5 жыл ішінде 100 КТК жөндеу және 150 лифт ауыстыру. Астана қаласы мәслихатының депутаттарын сайлауда партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді