Базардың бағы бағасында
Базардың бағы бағасында
175
оқылды
Сенат сауда саласы бойынша жеке парламенттік тыңдау өткізбек ниетте. Әзірге осы жұмада агроөнер­кәсіптік кешенді дамыту мәселелері талқыға салынатын осындай жиын ұйымдастырылады. Палата Төрағасы Дариға Назарбаева парламенттік тыңдауларға да­йындық аясында сауда алаңдары мәселесі бойынша мемлекеттік органдардың және нарық нысандарының өкілдерімен кездесті. Д.Назарбаева алдыңғы жүз­десулерде отандық өндірушілер сауда орталықтарында орынды жалға алу құнының қымбат екеніне шағымданып, оны не­гізгі проблемалардың бірі деп атағанын еске салды. Сауда және интеграция вице-министрі Азамат Асқар­ұлы жер­гілікті өндірушілерге арналған сауда саясатының шаралары туралы хабардар етті. Мысалы, Қазақстанда жасал­ған тауарлар сауда залын­да қол­жетімді жер­лерге орна­лас­тырылуы тиіс. Сау­да орын­дарына олардан рет­ро-бонус­тар талап етуіне тыйым са­лын­ды. Сөрелердің кемінде 30%-ын отандық азық-түлік та­уарларына бөлу міндет. – Агро-логистикалық орта­лық­тар, көтерме-тарату орта­лық­тарын салу жобасын жүзеге асыруға кірістік. Нәтижесінде, бүкіл елімізде дайындау және өткізудің кеңауқымды жаңа жүйесі құрылады, – деді ол. Қазақстан минимар­кет­тер қауымдастығының басшысы Бауыржан Нұркенов «азық-түлік саласында көлеңкелі экономика­ның үлесі жоғары» дейді. Оның айтуынша, бұл проблеманы ше­шу үшін нарықтағы кішігірім қатысушылар кооперациялануы керек. Сенатор Әли Бектаев әртүрлі сауда орындарында бір тауар ба­ғасының 10%-дан 3 есеге дейінгі аралықта құбылатынына кейіс­тік білдірді: «Базар – өнім арзан сатылатын орын дейтін едік. Талдап көрсек, жабдықталмаған базарлар мен коммуникациясы жақсы дамыған, жылыту, жел­де­ту, бақылау камералары бар сауда орталықтарын өзара салыстыр­ғанда, бағасында айырмашылық жоқ болып шықты. Базарларда үстемеақы неге жоғары екенін зерделеу керек», – деді ол. Дариға Назарбаева сауда алаңдарына қатысты өзекті мә­селелерді талқылау осымен аяқ­талмағанын атап өтті: «Сауда бо­йынша жеке тыңдау өткізу ке­рек, өйткені бұл бәрін қамти­тын сала». Сенат Төрағасы сауда әрда­йым экономиканың маңызды сек­торы болып қала беретініне назар аударды: «Заманауи, өр­кениетті жағдайлар туғызудың ар­қасында тұтынушылардың отан­дық өнімді жақсы көруіне, се­нуі­не, дәріптеуіне қол жеткізе ала­мыз. Соның өзі ең жақсы имидж және жақсы атағы өнім­деріміз­ге шетелде де жұмыс іс­тейтін болады». Палата басшысы жеңіл өнер­кәсіптің дамуын қамтамасыз ету үшін нысаналы бағдарлама бо­луы қажет екенін айтты: «Жеңіл өнер­кәсіп жұмысшыны көп қажет ететін сала, бірақ оның ғылыми қажеттілігі де ауқымды. Оны табысты дамытқан көптеген ел ғылыми зерттеуден, жаңа мата мен тоқыма түрлерін әзірлеуден ақша аямайды. Осы жолдан өткен өзге елдер тәжірибесіне үңілген жөн», – деді ол. Сенат Төрағасы жауапты ко­митеттерге кездесуге қатысу­шы­лар қозғаған проблемаларды зер­делеуді және оларды парла­менттік тыңдауларда талқылауға дайындауды тапсырды.   Айхан ШӘРІП