Әл-Фараби, Абай Құнанбайұлы, Шәмші Қалдаяқовтың мерейтойлары Шымкентте ерекше аталып өтеді
Әл-Фараби, Абай Құнанбайұлы, Шәмші Қалдаяқовтың мерейтойлары Шымкентте ерекше аталып өтеді
220
оқылды
Биыл «Шымкент – Достастықтың 2020 жылғы мәдени астанасы» жылы болып белгіленді. Шымкентте осынау іс-шараның салтанатты ашылу рәсімі 20 наурыз күні Қажымұқан атындағы орталық стадионда өткізілмек. Бұл туралы Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Рашид Мыңбаев БАҚ өкілдеріне арнап өткізген брифинг кезінде атап  өтті. «Салтанатты шараның  концерттік бағдарламасына 800-ге жуық Шымкент қаласының өнерпаздары мен Алматы, Астана қалалары және ТМД елдерінен 300-ден астам өнерпаз қатыспақ. Ашылу салтанатын 16 мыңнан астам қала тұрғыны мен сыйлы қонақтар тамашалай алады», – деді Рашид Мыңбаев.   Шымкент Биыл ТМД елдерінің мәдени астанасы мерекесімен қатар қалада бірнеше маңызды мерейтойдың өтуі жоспарланған. Олардың қатарында Әбу Насыр Әл-Фарабидің – 1150 жылдығы, Абай Құнанбайұлының – 175 жылдығы, Алтын Орданың – 750, Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдық мерейтойлары мен Шымкент қаласының 2200 жылдығына арналған форумдар, ғылыми-практикалық конференциялар, форумдар және тағы басқа іс-шаралар бар. Ал 19 маусым – қала күніне орай Шымкент қаласының 2200 жылдық мерейтойы ресми аталып, ашық аспан астындағы мұражайдың салтанатты ашылу рәсімі өтпек. Сондай-ақ жыл бойы Шымкент қаласына гастрөлдік іссапармен Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты 27 еліміздің жетекші театрлары мен филармония ұжымдары келеді деп күтілуде. Рашид Мамытұлы алдағы жауапты мерекелер қарсаңында ауызбіршілік танытып, бір-бірімізге қолдау көрсетіп, туған қаламыздың мерейін биіктетуге шақырды. Назгүл НАЗАРБЕК, Шымкент қаласы