БҚО-да жолды су шайып республикалық жол жабылды

БҚО-да жолды су шайып республикалық жол жабылды

Батыс Қазақстан облысында су шайып кетуіне байланысты тағы бір республикалық жол жабылды. «ҚазАвтоЖол» АҚ БҚО филиалының мәліметі бойынша 13 наурыз күні республикалық маңызы бар Самара-Шымкент автожолында Ақтөбе облысы аумағында еріген қар суы трассаның үстіне шығып кеткен. Соған байланысты жергілікті сағат 21.30-дан бастап аталмыш жол (393-526 км, Сырым ауданы орталығы Жымпиты ауылынан – Ақтөбе облысының шекарасына дейін) барлық көлік түрлері үшін жабылды. Сонымен қатар Теректі ауданы Барбастау ауылынан Ақтөбе облысына дейінгі аралықта (274-526 км) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысы шектелді. Осыған орай БҚО ТЖ департаменті ескерту жарияланғанын жеткізді.