Алматыда жасөпірімдер өтіп бара жатқан көліктерге көпірден тас лақтырған
Алматыда жасөпірімдер өтіп бара жатқан көліктерге көпірден тас лақтырған
908
оқылды
Алматының Шығыс айналма жолындағы жаяу жүргіншілер көпірінен жасөспірімдер тас лақтырып, көліктің алдыңғы әйнегін сындырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Қайырлы күн! Бүгін Шығыс айналма жолындағы жаяу жүргіншілер көпірінен жасөспірімдер тас лақтырып, көліктің алдыңғы әйнегін сындырды. Бұл бірінші рет емес, неге ұсталмайды?" – делінген видеоның сипаттамасында.
Полицейлер жасөспірімдердің тас лақтырғанын айтты. Медеу аудандық полиция бөлімінің мәліметінше, бұл факт бойынша "Газель" көлігінің жүргізушісінен арыз түскен.
"Жедел-тергеу тобы оқиға орнына келіп тасты тәркіледі. Жарылғыш зат туралы ақпарат расталған жоқ. Қазіргі уақытта бұл факт бойынша іс қозғалды. Іс-әрекеттерге құқықтық баға беріледі. Олар міндетті түрде заңға сәйкес жауапқа тартылады", - деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.