Құтқарушыларға жұмыстағы қауіп-қатер үшін қосымша ақы төленеді
Құтқарушыларға жұмыстағы қауіп-қатер үшін қосымша ақы төленеді
Фото: ТЖМ-нен алынды
296
оқылды
Жұмыс барысында денсаулыққа және өмірге зиян келуі қаупімен байланысты жұмыс үшін қазақстандық құтқарушыларға қосымша ақы төленеді. Үкімет тиісті қаулы қабылдады. Бұл туралы Aikyn.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.   Қосымша ақының мөлшері лауазымдық жалақының 70%-на тең. Ол жедел-құтқару жасақтары, Республикалық жедел-құтқару жасағы, Апаттар медицинасы орталығы қызметкерлеріне және «Қазселденқорғау» ММ-нің құтқару функциялары бар негізгі қызметкерлеріне төленеді. ТЖМ деректері бойынша,  барлығы 2 мыңнан астам құтқарушы қосымша ақы алмақ. Қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.