Жантүршігерлік оқиға Шымкент қаласында 10 наурыз күні болды. Жүк көлігі қағып кеткен 11 жастағы қыз бала ауруханада жатыр. Қалалық клиникалық балалар ауруханасының дәрігері ауыр соққы алған қыздың жағдайы ауыр екенін айтады. Бұл туралы Aikyn.kz Almaty.tv-ға сілтеме жасап хабарлайды. Дәрігердің айтуынша, ауыр соққыдан жарақат алған қыз жансақтау бөліміне жатқызылды. Алғашқы көмек көрсетілсе де, әзірге жағдайы тұрақты емес. Ақ халаттылар науқастың әлі де ем қабылдауы қажет екенін айтады.
Шымкент қалалық клиникалық балалар ауруханасының травматолог дәрігері Бағжан Тұрдықұлов: «Келген кезде баланың жағдайы өте ауыр болды. Екі аяғының балтыр сүйектері сынған. Бас миы шайқалуының ауыр түрі тіркелді. Сонымен қатар бұлшық еттерінің езілу диагнозымен жансақтау бөліміне жатқызылды. Қазір баланың жағдайы өте ауыр. Ауырлығы баланың жарақаттарына байланысты. Орталық жүйке жүйесіне зақым келген, есеңгіреп қалған», – деді.https://youtu.be/YRbaH6Wm2BM