Алматы, Астана және Шымкент қалаларының тұрғындары түрлі түсті төрт бюллетень алады. Мәжіліс депутаттарын партиялық тізімдер бойынша таңдау үшін – көк, ал бір мандатты округтер бойынша – жасыл. Қалалық мәслихатқа кандидаттарға дауыс беру үшін күлгін және қызғылт сары түсті бюллетеньдер. Сонымен қатар, әр бюллетеньде «барлығына қарсы» деген баған болады. Сайлау - бұл азаматтық белсенділіктің бір түрі, ол тек саяси ғана емес, сонымен бірге халықтың мәдени санасының деңгейін де көрсетеді. Болашағыңызды кейінге қалдырмаңыз, азаматтық ұстанымыңызды көрсетіп 19 наурызда сайлауға келіңіз. Елдің тағдыры сіздің дауысыңызға байланысты!