«AMANAT» ауыл жастарын жұмыспен қамтуға ерекше назар аударады
«AMANAT» ауыл жастарын жұмыспен қамтуға ерекше назар аударады
375
оқылды
Қостанайда жастарға арналған партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіру бойынша фронт-кеңседе кездесу өтті. Кездесуге қоғамдық штаб төрағасы кандидат Бибігүл Аққожина мен облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар қатысты. Сондай-ақ облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Бибігүл Аққожина қала жастарын қолдаудың маңыздылығын атап өтті. жастар
– Біз бастаушы кадрларды жұмысқа орналастыру үшін «Жастар практикасы» бағдарламасын жалғастырамыз. «Жасыл Ел» жобасы шеңберінде жыл сайын 30 мың адамды жұмысқа орналастыру үшін мүмкіндіктер жасаймыз. Бұл ретте 10 мың ауыл жастарын қамту көзделген. Биыл «AMANAT» өзінің партиялық жобасы аясында үш жүз мың жасты  жұмысқа орналастырмақ. Партия жастарды өкілді органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына қолдап, ұсынып отырады. Сондай-ақ, партия студенттерді жатақханалардағы орындармен қамтамасыз ету бойынша жоғары оқу орындарына қойылатын талаптарды арттыруға жәрдемдеседі. Студенттік жатақханаларда тұру жағдайларына үнемі мониторинг жүргізетін болады, – деді кандидат.
Басқосуда кандидат Серік Манасбаев жастар еліміздің дамуына өз күштерін салуға дайын екенін жеткізді. Кандидаттар сайлаушылардың ұсыныстары мен тілектеріне ерекше назар аударды. Шара соңында кандидаттар бағдарламада көрсетілген барлық бағыттардың іске асырылуы мұқият қадағаланатынын айтып, жастарды алдағы сайлауға белсенді қатысуға шақырды.

Қостанай облыстық мәслихатының депутаттарын сайлауда партиялық тізімін ұсынған «AMANAT» партиясының Сайлау қоры қаражаты есебінен төленді