«ЦУМ» сауда үйінің кәсіпкерлері AMANAT партиясының бағдарламасын тыңдады
«ЦУМ» сауда үйінің кәсіпкерлері AMANAT партиясының бағдарламасын тыңдады
384
оқылды
Қостанайдағы «ЦУМ» сауда үйінде қала тұрғындарымен кандидаттардың кездесуі өтті. Үгіт-насихат жұмыстары барысында кандидаттар тұрғындардың ұсыныстары мен талап-тілектерін жазып алды. Кандидаттар сауда үйінің сатушыларына партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп берді. ЦУМ
– AMANAT – еліміздің түкпір-түкпірінде жүйелі жұмыс істейтін жалғыз партия. Әр ауданда және қалада партияның бөлімшесі мен қоғамдық қабылдау бөлмесі жұмыс істейді. Бізге жүгінген әрбір азаматтың мәселесін тыңдауға, әрқашан қолдау көрсетуге дайынбыз, – деп атап өтті кандидат Аслан Дабылов.
Кездесу соңында облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Несібелі Бәсенова Қазақстан халқын үздік білім мен ем алу үшін шетелге бармайтындай деңгейге жеткізуіміз қажет екенін атап өтті. Кандидаттар қала, аудан, ауыл тұрғындарын партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстыру жұмыстарын жалғастыруда.

Қостанай облыстық мәслихатының депутаттарын сайлауда партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді.