«AMANAT» партиясы жұмысшылардың құқығын қорғайды
«AMANAT» партиясы жұмысшылардың құқығын қорғайды
Ақтөбе облысындағы «Ақтөбе ЖЭО» АҚ ұжымымен өткен кездесуде депутаттыққа үміткерлер жұмысшылардың құқығын қорғау, жалақыны көтеру мәселелерін талқылады. Кәсіпорында өткен кездесуге Ақтөбе облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер Қайрат Төлеуов және Ерлан Татимов қатысты. «Ақтөбе ЖЭО» АҚ – облыс орталығындағы орталықтандырылған жылумен қамтудың бірден-бір көзі. Станса 80-жылдан бері қала тұрғындарын жылумен қамтып келеді. Магистральды  кәсіпорында 604 адам жұмыс істейді. Оның 189-ы – әйелдер, 201-і – жастар. Кәсіподақ ұйымы жұмысшылардың құқықтарын қорғайды. Депутаттыққа үміткерлер «АМАNАТ» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында облыс тұрғындарының өмір сүруіне қолайлы жағдай жасалып, жастарға қолдау көрсетілетінін, адам құқығын қорғауға ерекше көңіл бөлінетінін жеткізді.
– Біздің басты басымдықтарымыздың бірі – облыстағы еңбекшілер мен халықтың әл-ауқатын көтеру. Осы мақсатта біз лайықты жалақы алатын сапалы жұмыс орындарын ашамыз. Әр адам отбасын асырау үшін лайықты табыс табуы керек. Жастарды жұмыспен қамтуға, олардың баспана мәселесін шешуге ықпал ететін боламыз.
Алда нысандарды күрделі жөндеуден өткізу, медициналық мекемелерді, спорттық және әлеуметтік нысандарды жабдықтау, жолдарды жөндеу, халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек көрсету бойынша ауқымды жұмыстар күтіп тұр. Осының барлығы стратегиялық құжатымыз болатын партия бағдарламасында көрсетілген, – дей келе Қайрат Төлеуов кәсіпорын қызметкерлерін сайлауда «АМАNАТ»  партиясына дауыс беруге шақырды. жұмысшы Ерлан Татимов алдағы бес жылға арналған партия жоспарымен бөлісті. Сонымен, 35 пайызға дейін тозған ғимараттар және бейімделген үй-жайларда орналасқан медициналық мекемелердің саны азайтылады, кадр тапшылығы шешіледі. Тұрғындардың денін скринингпен қамту көзделген. – Өзімізді өзгертіп, елдік мүддені ойлайтын кез келді. Өткен сайлауларда біздің ұжым өте белсенді болды. Бұл жолы да біз азаматтық борышымызды өтеуге дайынбыз, – деді ұжым атынан сөз сөйлеген  «Ақтөбе ЖЭО» АҚ кадр жұмысы бөлімінің басшысы Ләззат Қалменова.

Ақтөбе облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «АМАNАТ» партиясының Сайлау қоры қаражатынан төленді.