Путин Қазақстанға сапармен келеді
Путин Қазақстанға сапармен келеді
© agrotrend.ru
586
оқылды
 Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанға сапармен келеді, – деп хабарлайды Ақорда. Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының елшісі Алексей Бородавкинмен әңгімелесу барысында Президент Владимир Путиннің Қазақстанға алдағы сапарының, сондай-ақ биыл күзде Қостанайда өтетін XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумын өткізудің маңыздылығын атап өтті. Бұдан бөлек, Қазақстан мен Ресей арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестіктің қазіргі жай-күйі мен перспективалары талқыланды.