Астанада «Аумақтарды кешенді дамыту стандарты» әдістемелік құралының тұсаукесері өтті
Астанада «Аумақтарды кешенді дамыту стандарты» әдістемелік құралының тұсаукесері өтті
14 наурызда Астанада «Аумақтарды кешенді дамыту стандарты» әдістемелік құралының тұсаукесері өтті. Қазақстан тұрғын үй компаниясының алаңында өңірлік әкімдіктердің, министрліктер мен басқармалардың өкілдері, сәулетшілер, урбанистер, оқу орындары мен ғылыми институттардың өкілдері, құрылыс компанияларының басшылары, әзірлеушілер мен көгалдандырушылар жиналды. Тығыз және нүктелік құрылыс проблемалары, ескі тұрғын үйлерді жаңарту, қалалық көгалдандыру, қауіпсіз және жайлы аулалар мен көшелер – осы және басқа да көптеген мәселені шешу жолдары осы әдістемелік жинақта сипатталған. Кітапты ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің, «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ қолдауымен және ERG компаниясының қаржылық қолдауымен Q88 урбанистер қауымдастығы қазақ тілінде бейімдеп шығарды.  width= Еран Әукенов, «Қазақстандық урбанистер қауымдастығы» ҚБ төрағасы: «Аумақтарды кешенді дамыту стандарты бұл – қаланы жобалау кезеңінен бастап пайдалануға дейін, халықпен байланыс арналарын құрудан бастап жобаларды қаржыландыру тетіктеріне дейін кешенді түрде қарастыратын бірнеше жұмыстың бірі. Стандарт сонымен қатар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты реформалауды, белсенді көлік дәліздерін қалыптастыруды және қоғамдық кеңістіктерді көгалдандыруды қамтиды». Алтай Күздібаев,  «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының м.а.: «Қазіргі уақытта халықтың кешенді құрылыс салу, жайлы қалалық орта құру қағидаттары туралы хабардарлығы төмен. Әзірленген стандарттардың мәнін және оларды нақты пилоттық жобаларға енгізудің әсерін жеткізу өте маңызды. Компания Қазақстан Республикасының жылжымайтын мүлік нарығында сұраныс пен ұсынысты қолдау құралдары арқылы стандарттарды ілгерілетуді жоспарлап отыр». Компания қызметінің негізгі стратегиялық бағыттары:
  • Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуға кепілдік беру;
  • ЖАО облигацияларын сатып алу арқылы тұрғын үй құрылысын қаржыландыру;
  • Жеке құрылыс салушылардың кредиттерін субсидиялау;
  • ЕДБ халыққа беретін ипотекалық қарыздар бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау;
  • Ипотекалық қарыздар бойынша талап ету құқықтарын сатып алу;
  • Кейіннен сатып алумен жалға берілетін тұрғын үй беру.
 width= 2009 жылдан 2022 жылға дейінгі кезеңде компания құралдарының есебінен шамамен 10 млн шаршы метр тұрғын үй немесе 145 мың пәтер пайдалануға берілді. 2022 жылы компанияның ҚР-да қолжетімді тұрғын үй құрылысына қосқан үлесі 25%-ды құрады, әрбір төртінші көппәтерлі үй «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ қолдауымен салынды. Денис Филиппов,  «ДОМ.РФ» АҚ бас директорының орынбасары: «Біздің елдерімізде тұрғын үй саласын дамыту мәселелерінде ұқсас міндеттер бар – үйлердің сапалық сипаттамаларын жақсарта және экологияға зиянды азайта отырып, құрылыс қарқынын арттыру. АКД стандартын әзірлей отырып, біз, ең алдымен  адамдардың мүдделері мен қажеттіліктеріне сүйендік, қалалық аудандарды жобалаудың озық тәжірибесін және тұрақты даму трендтерін, соның ішінде «жасыл» стандарттарды ескердік. Ресейде бұл жүйелік әдістемелік құжат сұранысқа ие және өзінің тиімділігін дәлелдеді, бұл қалаларда тұрудың жайлылығын түбегейлі жақсартты. Қазақстанда да оны жақын арада қолданудың әсерін бағалайтынына сенімдіміз».       Іс-шара шеңберінде Q88 Қазақстандық урбанистер қауымдастығы мен Ғылым және жоғары білім министрлігі арасында меморандумға қол қойылды, оған сәйкес тараптар урбанистика және қала құрылысы саласында білім беру бағдарламаларын әзірлеу және енгізу мәселелерінде ынтымақтасуға ниетті. Саясат Нұрбек, Ғылым және жоғары білім министрі: «Идеологиялық тұрғыдан алғанда, мұндай ашық стандарттарға көшу, жұртшылықтың назарына салып, әрбір тұрғынды, қалалық қоғамдастық көшбасшыларын тарту – өте маңызды идеологиялық шешім. Ол қазір Президент жүзеге асырып жатқан ашық Қазақстанның үлкен идеологиясымен толық үйлеседі". Q88 урбанистер қауымдастығының негізгі міндеттерінің бірі – жайлы қалалық ортаны дамыту және тұрақты қалаларды дамыту саласында білім беру және кәсіби білімді арттыру. «Аумақтарды кешенді дамыту стандарты» оқу құралы қазақ және орыс тілдерінде жарық көрді. Стандарттың 2 000-ға жуық жиынтығы облыстардың, қалалар мен аудандардың әкімдері мен сәулетшілеріне, жергілікті атқарушы органдардың көлік және көгалдандыру басқармасының басшыларына беріледі. Бұл ERG компаниясының қаржылық қолдауының арқасында мүмкін болды. Анықтама түрінде: аумақтарды кешенді дамыту стандарты – бұл салынған аумақтарды дамыту және жаңа аумақтарды игеру бойынша әдістемелік нұсқаулық. Қазіргі өмірде экономикалық тиімді пайдалану кезінде қаланың келбетін қалыптастыру және оның тарихи құрылысын сақтау бойынша ұсыныстар. Стандарт 6 кітап пен 4 каталогтан тұрады, олар тұрғын үй және көп функционалды құрылыс аумақтарын қалыптастыру және түрлендіру құралдарының кешенді базасын құрайды. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін қауымдастық Чарльз Монтгомеридің «Бақытты қала» және Джанет Сидик-Хан мен Сет Соломоновтың «Қалалар үшін шайқас» сияқты урбанистика саласындағы әлемдік бестселлерлерді қазақ тіліне аударып, басып шығарған болатын.