Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаттығына үміткерлер Жеңіскүл Мұхамбетпайызова, Жұлдыз Қожабекова Шығанақ Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары ауылшаруашылық колледжінің профессорлық-оқытушылық құрамымен кездесуде «АМАNАТ» сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын түсіндірді.
Үміткерлер денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік салалар қалай жаңғыртылатынын айтты. Барлық қайта құрулар облыс тұрғындарының өмір сүруіне жайлы жағдай жасауға бағытталған. Облыста 4,5 мың көпбалалы және 14,4 мың әлеуметтік осал отбасы баспана кезегінде тұр. Оларды пәтермен қамтамасыз ету үшін әлеуметтік тұрғын үйлер салынады. Алдағы бес жыл ішінде 4,2 млн. шаршы метр тұрғын үй салынады. Кем дегенде 500 пәтер халықтың әлеуметтік осал топтарына беріледі.
– Дуальды оқыту жүйесі студенттердің жұмысқа орналасуына зор мүмкіндік береді. Ол көптеген колледждерде қолданылады. Бұл студенттердің қолына диплом алмай-ақ, өз мамандығы бойынша жұмыс табуына өз көмегін тигізеді. Партия өз бағдарламасында білім сапасын арттыруды көздейді. Ол үшін білім ошақтары заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталып, ауылдарға баса назар аударылады. Студенттер жатақханалары салынады. Соның бірі — Ақтөбеде 500 орындық жатақхананың салынуы. Жастардың белсенділігін арттыру үшін еріктілер қозғалысы жасақталады. Осылайша еріктілер саны 2,7 мың адамға дейін артады, – деді Жеңіскүл Мұхамбетпайызова.