Аймақтарда ЖСДП-ның «үгіт-насихат пойыздарының» жұмысы жалғасты
Аймақтарда ЖСДП-ның «үгіт-насихат пойыздарының» жұмысы жалғасты
Фото ЖСДП-ның Фейсбуктегі ресми аккаунтынан алынды
ЖСДП-дан Мәжіліс депутаттығына партия тізімі бойынша үміткер Ажар Сағандықова мен бір мандаттық аумақтық округ бойынша кандидат Азамат Хайсин «Үгіт-насихат пойызы» шарасы бойынша Павлодар облысы аудандарына сапармен шықты. Үгіт-насихат пойызының мүшелері Павлодар қаласынан шығып, Шарбақты ауданына барып жергілікті сайлаушылармен кездесті.
Үміткерлер ЖСДП-ның басты саяси ұстанымдарымен таныстырды: саяси реформалар бағытын күшейту; олигархтарды әшкерелеу; қазақстандықтардың әл-ауқатын көтеру; әлеуметтік қолдауды күшейту мен мықты ауылды қалыптастыру.