«AMANAT»: Алматы облысында 25 мәдениет үйі мен ауылдық клуб ашылады

«AMANAT»: Алматы облысында 25 мәдениет үйі мен ауылдық клуб ашылады

Алматы облысында 100-ден аса мәдениет үйі мен клубтар бар. Дегенмен олардың 25 бүгінде апатты жағдайда тұр. Сала мамандарының мәліметінше, 22 ауылда мәдени нысандары жоқ. Осындай өзекті мәселелерді шешуге «AMANAT» партиясы білек сыбана кірісіп отыр. Себебі партияның мақсаты –өңірдің әлеуетін арттыру, халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту. Міне, осындай өрелі әңгіме партияның Алматы облыстық филиалы атынан облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар Бекзат Мырзахмет, Әсел Төлепбергенова Талғар ауданы тұрғындарымен өткен кездесуде сөз болды. Кандидаттардың айтуынша, өңірде 25 мәдениет үйі мен ауылдық клуб ашылмақ. Қатарында Талғар ауданы да бар. –«Талғар ауданы Жаңалық ауылы мен бірге 6 ауданда жаңа мәдени нысандары бой көтереді. 27 мекемеге сапалы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл тізімде Талғар ауданындағы Қызылқайрат, Үлкен Ақсу, Ават, Тасқарасу, Тигермен ауылдары бар. «Ұлттық мұра» жобасы шеңберінде қазақ мәдениеті мен өнерін жүйелі негізде қолдауға бағытталған 1,2 мыңнан астам іс-шара өткізіледі», − деді жиында сөз алған Әсел Төлепбергенова. Мәдениет үйінде өткен кездесуге 50-ге тарта аудан тұрғыны қатысты. Оларға сайлауалды бағдарламаның барлық бағыты түсіндірілді. Бастысы партияның 2027 жылға дейін жоспары ел мүддесі үшін құрылғанын атап өтті. Өз кезегінде жиылғандар бұл бастамаларға көңілге сенім ұялатынын жеткізіп, сайлау күні дауыс беретіндерін баса айтты.

Алматы облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді