Үш жасқа дейінгі жәрдемақы
Үш жасқа дейінгі жәрдемақы
191
оқылды
Әзірге бұл ұсыныс ми­нистрлікте қаралып жа­тыр. Нақты іске аса ма, жоқ па, ол жағы да әзірге белгісіз. «Министрлік бала күтіміне берілетін жәрдемақыны өсіру туралы бастама көтермек.  Ондай жәрдемақы бала бір жасқа тол­ғанша ғана төленеді. Бұл мерзімді 1,5 немесе 3 жылға дейін ұзарту нұсқасын қарастырып отырмыз. Қазіргі уақытта шамамен 387 мың ана бала күтіміне байланысты аталған жәрдемақыны алады. Оның ішінде Әлеуметтік сақ­тандыру қорынан алатындардың саны аз», – дейді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау ми­нистрі Біржан Нұрымбетов. Елімізде әр босанған әйелге баласы бір жасқа толғанша мем­лекеттік жәрдемақы берілетіні белгілі. Ай сайын 16 мың теңге көлемінде болса, жұмыс істеген аналар үшін бұрынғы жалақы­сының 40 пайызы бала бір жасқа толғанша ай сайын жәрдемақы ретінде төленіп отырады. Ал ми­нистрлік ұсынып отырған жаңа жоба жүзеге асса, әрбір ана бала күтіміне байланысты жәрдема­қыны баласы үш жасқа толғанша алар еді.   Ж.НҰРЛАН