Ақтөбеде жастар арасындағы жұмыссыздық 3 пайызға дейін төмендейді
Ақтөбеде жастар арасындағы жұмыссыздық 3 пайызға дейін төмендейді
263
оқылды
М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетінің оқытушылары және студенттерімен кездесу барысында «АМАNАТ» партиясынан үміткерлер партияның сайлауалды бағдарламасының мақсаты мен міндеттерін түсіндірді. Болашақ медицина қызметкерлерімен кездесуге «АМАNАТ» партиясынан Ақтөбе облыстық мәслихаты депутаттығына үміткер Ерлан Сұлтангереев қатысты. Ерлан Сұлтангереев ақтөбеліктердің тұрмыс-тіршілігін жақсарту үшін партияның атқаратын шараларына тоқтала келе, партияның бірінші кезектегі міндеттерінің бірі жастарға мүмкіндік жасау екенін атап өтті.  width=
– Жастар – еліміздің болашағы. Біз өскелең ұрпақтың жан-жақты және үйлесімді дамуы үшін барлық жағдайды жасауымыз керек. Облыста 170,7 мың жас тұрады. Жұмыссыз жастардың саны 1,8 мың адамды құрайды. Жастарды қолдау мақсатында «АМАNАТ» партиясы мен «Жастар рухы» Жастар қанаты жастарды жұмыспен қамту және тұрғын үй мәселесіне көңіл бөледі. Жыл сайын кемінде 8 мың жасты жұмысқа орналастыруға көмектесеміз, «Жасыл ел» жобасы аясында жастарды уақытша жұмыспен қамтуға үлес қосамыз, жыл сайын 1500-ге жуық жас осы жобаны іске асыруға жұмылдырылады,  сондай-ақ облыста волонтерлер санын 2,7 мың адамға дейін арттырамыз. Бұл шаралар облыс жастарының жағдайын жақсартады, олардың өмірлік жоспарларын жүзеге асыруына серпін береді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде жастар арасындағы жұмыссыздық 3 пайызға дейін төмендейді, – деді ол.
Сондай-ақ үміткер ақтөбеліктердің өмір сүру сапасын жақсарту үшін партияның қандай шараларды қолға алатынын егжей-тегжейлі айтып берді. Атап айтқанда, «АМАNАТ» партиясы кадр тапшылығын жою, мамандарды даярлау сапасын көтеру, балабақшалар, мектептер, алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдары, спорт және мәдениет нысандарының салынуы, оларды заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету мәселелерін шешетін болады. Ерлан Сұлтангереев партия өңірде сапалы медицина және білім беру саласын дамытуға да үлес қосатынын айтты.  width=
– Партия 42 денсаулық сақтау нысанының сапалы және уақытылы салынуын, кем дегенде 35 денсаулық сақтау нысаны ғимараттарының күрделі жөндеуден өтуін, жедел медициналық көмекті цифрландыру, жасанды интеллектіні енгізу, сондай-ақ телемедицина арқылы онлайн кеңес беретін медициналық ұйымдардың санын арттыруды қамтамасыз етеді, – деді үміткер.
Кездесу соңында үміткер студенттер мен оқытушыларды сайлауға белсене қатысып, «АМАNАТ» партиясы мен оның үміткерлеріне  дауыс беруге шақырды. Студенттер мен оқытушылар партияның сайлауалды бағдарламасын қызу қолдап, үміткерге алдағы сайлауда сәттілік тіледі.    

Ақтөбе облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында

партиялық тізімді ұсынған «АМАNАТ» партиясы Сайлау

қорының қаражатынан төленді