Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай облыстарында боран соғады
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай облыстарында боран соғады
Фото: Интернеттен алынды
182
оқылды
«Қазгидрометтің» хабарлауынша, Қазақстанның көп бөлігіндегі ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерде қар жауады. Республиканың кей өңірлерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейеді, республиканың солтүстігінде боран соғуы мүмкін. Маңғыстау облысында желдің күші 15-20, кей жерде 23 м/с жетіп, шаңды дауыл соғады. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай облыстарында боран, тұман, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетуі ықтимал. Шығыс Қазақстанда 15-20 м/с жел соғып, боран, көктайғақ болады. Қарағанды облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсуі мүмкін. Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарында кей жерлерде тұман болып, желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді. Алматы облысында түнде тұман түсіп, көктайғақ болып, 15-20 м/с жел соғады. Атырау облысының көп бөлігінде күндіз жел 15-20 м/с дейін күшеюі мүмкін. Батыс Қазақстанда секундына 15-20 метрге дейін жел соғуы мүмкін, тұман түседі. Ақтөбе облысында кей жерлерде желдің күші 18 м/с болады.