Алматыда көлік жүргізушісі жол үстінде қаза тапты. Оқыс оқиға «Рахат» шағынауданында болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Zakon.kz-тің дерегінше, Hyundai Terracan көлігі Асқаров көшесімен оңтүстікке қарай жүріп келе жатқан.
Жүргізуші өзін нашар сезініп, көлігін қарама-қарсы өзге көлік келе жатқан жолаққа бұрып жіберген.
Toyota Camry жүргізушісі өзіне қарай жүріп келе жатқан джипті көріп, шұғыл оңға бұрылады. Бірақ Hyundai бәрібір көлігінің бүйірінен сызып өтіп, жолдан шығып кетіп, ағашқа соқтығысқан.
Toyota Camry жүргізушісі жедел жәрдем мен полиция қызметкерлерін шақырған.
Оқиға орнына келген дәрігерлер Hyundai Terracan жүргізушісінің қайтыс болғанын айтты.
Апаттың мән-жайын жол полициясы анықтайды.