Бүгін Көкшетауда бастауыш сынып оқушылары мектепке бармайды

Бүгін Көкшетауда бастауыш сынып оқушылары мектепке бармайды

Ақмола облысының орталығында бастауыш сынып оқушылары онлайн оқиды. Білім бөлімінің хабарлауынша, ауа райының қолайсыздығынан оқушыларды қашықтан оқытуға шешім қабылданған, – деп хабарлайды Aikyn.kz. «Бүгін, 15 наурыз күні бірінші ауысымда оқитын 1-4 сынып оқушыларының сабағы қашықтан оқыту форматына көшіріледі», – деп жазылған білім мекемесі таратқан мәліметте. Өңірде қалың қар жауып, бұрқасын соғып тұр.