Бүгін ауа райының қолайсыздығына байланысты 3 өңірде республикалық маңызы бар автожолдардың 9 учаскесінде жол қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы Aikyn.kz «ҚазАвтоЖолға» сілтеме жасап хабарлайды. Ақмола облысында екі тасжолдың үш бөлігі жабылды: «Астана-Петропавл» күре жолының Астана қаласынан Көкшетау қаласына дейінгі аралығында көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді; «Астана-Петропавл» күре жолының Көкшетау қаласынан Солтүстік Қазақстан өңірінің шекарасына дейінгі аралық жол қозғалысы үшін жабық; «Көкшетау-Омбы» тасжолының Көкшетау қаласынан Солтүстік Қазақстан облысының шекарасына дейінгі аралығы жабық; Батыс Қазақстан облысында: «Подстепное-Федоровка-Ресей Федерациясының шекарасы» тасжолында Бөрлі ауылынан Ақсай қаласына дейін қозғалыс шектелді; Солтүстік Қазақстан облысында 5 учаске жабылды: «Челябинск-Новосибирск» тасжолының Петропавл мен Булаево қалаларының арасында жол қозғалысына шектеу енгізілді; «Астана-Петропавл» тасжолында Ақмола облысының шекарасынан Бескөл ауылына дейінгі аралық жабық; «Жезқазған-Петропавл» тасжолының Явленка және Бескөл ауылдарының арасы жабық; «Петропавл-Соколовка-Ресей Федерациясының шекарасы» тасжолының Петропавл қаласынан Ресей Федерациясының шекарасына дейінгі аралығында көліктің барлық түрі үшін жол қозғалысы шектелді; «Көкшетау-Омбы» тасжолының Ақмола облысының шекарасынан Кішкенекөл ауылына дейінгі аралығында жол қозғалысы шектелді.