Айгүл Рахымжанова: Мен еліміздегі жағдайды өзгерткім келеді және оны қаладан бастауға дайынмын

Айгүл Рахымжанова: Мен еліміздегі жағдайды өзгерткім келеді және оны қаладан бастауға дайынмын

Биліктегі әйелдер елдің тағдырына қалай әсер етеді, қоғам үшін қандай өзгерістер жасай алады? Бұл туралы кәсіпкер, қоғам қайраткері Айгүл Рахымжанова айтып берді. Шетелдік зерттеулерге сәйкес, әйелдердің экономикаға қатысуы ішкі жалпы өнімнің өсуіне ықпал ете алады. Әлемдік ауқымда оның өсімі 26%-ға жетеді. Бұл компаниялардың топ-менеджментінде және мемлекеттік шешімдер қабылдау деңгейінде әйелдердің алатын орны өсуі керек дегенді білдіреді. Қазақстанда бұл мәселеге «Сайлау туралы» және «Саяси партиялар туралы» заңдарда квоталарды заңнамалық тұрғыдан бекітуі сияқты оң үрдіс байқалады. Қалған іс,әйелдердің өз қолында – сіз өзіңізді батыл түрде жариялап, идеялар мен оларды жүзеге асыру жоспарларын ұсынуыңыз керек. Оған уақыт бөліп және өз тәжірибесін салуға дайын адам үшін әрдайым жол ашылады. Мен мұны ондаған қоғамдық, әлеуметтік және саяси жобаларды жүзеге асыра отырып, өз тәжірибемнен түсіндім. Қала немесе ел үшін қажетті идея қала әкімшілігі мен билігі, демеушілер мен пікірлестер тарапынан міндетті түрде қолдау табады. Дәл осы көзқараспен мен өзімнің кандидатурамды Астана қаласының қалалық мәслихатына сайлауға ұсындым. Мен өмір бойы осында тұрамын. Менің балаларым шетелге кеткен жоқ, немерелерім де осында өсіп жатыр, анам да осында тұрады. Олар арқылы мен барлық ұрпақтың уайымдарын мен үміттерін көріп келемін. Мен еліміздегі жағдайды жақсы жаққа өзгерткім келеді және қаладан – оның тұрғындарының жалпы мәселелерін шешуден бастауға дайынмын. Мен – кәсіпкерлік және қоғамдық жобаларды дамыту, басқаруда әйел ретіндегі көзқарасымды катализдеу, шешім қабылдау және олар үшін жауапкершілік алу арқылы өз тәжірибемді қолдана алатыныма сенімдімін. Мен қала мен елге деген сүйіспеншілігім үшін өз кандидатурамды ұсындым. Иә, бізде бәрі керемет емес, бірақ менің ойымша, нағыз патриотизм – бұл шындықты біле отырып, өз Отаныңды сүю!

Материал Астана қаласының аумақтық сайлау комиссиясының қаражатынан республикалық бюджет қаражаты есебінен төленді