Алдағы үш күнде қар жауып, көктайғақ болады
Алдағы үш күнде қар жауып, көктайғақ болады
Фото: satmedia.kz
578
оқылды
«Қазгидрометтің» мәліметінше, 16-18 наурыз күндері ауа райы құбылмалы болады. Республиканың батысында, солтүстік-батысында және оңтүстігінде атмосфералық қысымның жоғарылауына байланысты жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Орталықта, республиканың солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронт әсерінен жауын-шашын, қар күтіледі. 16 наурызда күндіз оңтүстікте, Алматы облысының таулы аймақтарында, 17-18 наурызда республиканың шығысында, оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын, көктайғақ, қар, жел, тұман күтіледі. Ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді. Тек қана республиканың оңтүстік-шығысында ауа температурасы түнде 0-8 градус аязға дейін, күндіз 0-7 градусқа дейін біртіндеп төмендеуі мүмкін.