Астанада мешіттің шаруашылық қызметкерін пышақтап кетті
Астанада мешіттің шаруашылық қызметкерін пышақтап кетті
© muftyat.kz
3,854
оқылды
Астанадағы мешіттердің бірінде шаруашылық қызметкерін пышақтап кетті. Ауыр жарақат алған мешіт қызметкері дәрігерлердің бақылауында. Жағдайы ауыр. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы хабарлады.
"Мешіттің шаруашылық жұмыстарын жүргізетін қызметкерді суық қарумен жарақаттаған күдікті ұсталды. Бұрын сотталған. Қазір тергеу жұмыстары жүргізілуде. Болған оқиға себептері анықталуда", – деп жазды ол.
Алдын ала жеткен мәліметтер бойынша, қылмыстық оқиғаға отбасындағы қақтығыстар, дәлірек айтқанда күдікті азамат пен оның әйелі арасындағы дау-жанжалдар себеп болған.
Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне қосымша ресми мәлімет беріледі.