130 жолаушысы бар ұшақ Мадридке апатты жағдайда қонды (видео)
130 жолаушысы бар ұшақ Мадридке апатты жағдайда қонды (видео)
Фото: REUTERS.
300
оқылды
Air Canada әуе компаниясының Торонтоға бағыт алған жолаушылар ұшағы Мадридтің әуежайына апатты жағдайда қонды, - деп жазады REUTERS ақпарат агенттігі.  Бұған дейін Air Canada әуе компаниясына тиесілі ұшақ AK837 Мадридтен Торонтоға қарай ұшып шыққаны сағат  14.55-те (Қазақстан. Нұр-Сұлтан уақытымен 19.55) ұшып шыққаны хабарланған. https://youtu.be/7B189mltra0 Алдын ала мәлімет бойынша ұшақтың шассиінде ақау пайда болған. Ұшқыш ұшақты жерге қондыру керек деп шешім қабылдаған. Ұшақтың қиындықпен жерге қонғанына қарамастан,  жолаушылардың барлығы аман-есен.