«AMANAT» партиясы атынан Астана қалалық мәслихат депутаттығына ұсынылған Асхат Налшыбек Қазақ ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының бір топ ғалымдарымен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндірді. «Жас болғандықтан мені жастар мәселесі көп алаңдатады. Бүгінде жастардың проблемасы аз емес. Үй, жұмыс табу қиын. Сондай-ақ заман ағысына қарай халыққа көрсетілетін қызмет түрлерін цифрландыру ісімен де айналысатын боламын. Сол арқылы Астананы әлемнің «Ақылды қалалар» қатарына қосуға өз үлесімді қоссам деймін», – дейді «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы қалалық филиалының төрағасы Асхат Налшыбек. ҚР ҰЖҒА вице-президенті Кәрімбек Құрманәлиев үміткерлердің партияның бағдарламасын ғана таныстырып қоймай, ғалымдардың да проблемасын ашық тыңдауға келгеніне алғыс білдірді. Сондай-ақ ол елімізде ғылым мен білімнің проблемасы аз емес екенін жеткізді. Сондықтан ғалымдардың осы кездесуде айтқан талап-тілектерін ертең депутат болып сайланғанда биік мінберлерден көтерсеңдер деген тілегін жеткізді. Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің IT факультетінің деканы Шахмаран Сейілов мемлекет ғылымға дұрыс көңіл бөлмесе, ертең бұл салаға жастар келмейтінін жеткізді. Ғалымдардың жалақысы төмен, баспана жағдайы шешілмегенін де тілге тиек етті. Ал ҚР ҰЖҒА вице-президенті Әбдікәрім Зейнулин ғылым саласына да лизингпен құрал-жабдық алуға жағдай жасап, субсидия, түрлі салықтық жеңілдіктер берілуі керектігін айтты. Астана қаласы мәслихатының депутаттарын сайлауда партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясының Сайлау қорының қаражатынан төленді