Кандидаттар мұғалімдер қауымымен кездесті
Кандидаттар мұғалімдер қауымымен кездесті
449
оқылды
«AMANAT» партиясы атынан Астана қалалық мәслихат депутаттығына ұсынылған Ерлан Дәкенов пен Константин Коло ұстаздар қауымымен кездесу өткізіп, сайлауалды бағдарламаны таныстырды.  «Бәріміз де бала болдық, мұғалімдер қауымының ортасына келгенде сабақ айтқан баладай толқып тұрғанымыз рас» деген Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияның директоры, қалалық мәслихат депутаттығынан үміткер Ерлан Дәкенов: «Біз халық пен биліктің арасын жалғап тұрған көпірміз» деп айтар ойын қысқа қайырды.  «Egregor of FINANCE Sh.R» ЖШС директоры Константин Коло да «сөздің емес, істің адамы» екенін айтып, партияның сайлауалды бағдарламасының әр тармағына жекеше тоқталып, әсіресе білім саласына қатысты тұсын кеңінен баяндап берді. «AMANAT» партиясы мектептерде үш ауысыммен оқу режимін жоюды көздеп отыр. Ол білім сапасын көтеріп, мұғалімдердің де, оқушылардың да бос уақыттарын біліктілігін жетілдіруге жағдай жасайды. Партия бақылауымен үш ауысымдық оқу кестесі Астана қаласында ғана емес, өзге өңірлерде де жойылатын болады», – деді К.Коло. Кандидат мектеп балаларға тек білім ғана емес, тәрбие беретін де мекеме екенін айта келіп, бүгінгі оқушылардың ертең мемлекетті басқару ісіне келетінін, олардың қалай болмағы мұғалімдер қауымының бүгінгі еңбегіне байланысты екенін жеткізді. Одан бөлек, мектепте мүмкіндігі шектеулі жандардың да білім алуына ыңғайлы жағдай жасалғанын айтты. Мемлекет «Кедергісіз болашақ» бағдарламасы аясында бұл бағытта қадау-қадау істер атқарып жатқанын тілге тиек етті. Жиын соңында партияның қалалық «Сарыарқа» аудандық филиалының төрағасы Руслан Қонақбаев үміткерлерге алдағы саяси додада жеңіс тілеп, «AMANAT»-тың ел игілігі үшін көптеген жобаларды жүзеге асырып жатқанын, оның халық өмірін жақсартуға оңтайлы ықпал ететінін айтып, ұйымның өзге партиялардан басты артықшылығының өзі осында екенін мәлім етті.    Астана қаласы мәслихатының депутаттарын сайлауда партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясының Сайлау қорының қаражатынан төленді