Өнерге қолдау білдірді

Өнерге қолдау білдірді

 «AMANAT» партиясы атынан Астана қалалық мәслихаттығына кандидаттар – Кендебай Адамбеков пен Бахаргүл Төлеген «Астаналық цирк» қызметкерлерімен кездесті. «AMANAT» партиясы бюджет қаражатының тиімді пайдаланылуын, мемлекеттік органдардың индикаторлар мен бағдарламаларды орындауын бақылауға қол жеткізу үшін партияның барлық мүшелері қызметінің мониторингін қамтамасыз етеді. Алдағы бес жылдағы өз жұмысында «AMANAT» қала тұрғындарының денсаулығын нығайтуға, халықты спортпен айналысуға тартуға бағдарланады. «Мен қалалық мәслихат депутаттығына үміткер болып тіркелгенде өзіме нақты міндеттер қойдым. Яғни, ана ретінде – жас ұрпақтың лайықты білім алып, өсіп-жетілуіне, кәсіпкер ретінде – көпшілікті кәсіпке үндеп, тиыннан теңге құрап үйренуіне, ал қазақ ұлтының өкілі ретінде – ұлтымыздың құндылықтарын насихаттап, оның қолданыс аясын кеңейтуге бар күш-жігерімді жұмсайтын боламын. Партия тұрақты негізде қаланың проблемалық мәселелерін анықтайды және оларды шешу бойынша шаралар қолданады», – деді Бахаргүл Төлеген. Астана қалалық мәслихаты депутаттығынан үміткер, запастағы генерал-майор, қазір қала әкімінің кеңесшісі Кендебай Адамбеков сайлауда жеңіске жеткен жағдайда, өзіне етене жақын бағыт – қоғамның қауіпсіздік мәселесімен айналысатын болмақ. Оның айтуынша, елорданың кез келген тұрғыны қауіпсіз қоғамда өмір сүруі тиіс. Астана қаласы мәслихатының депутаттарын сайлауда партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясының Сайлау қорының қаражатынан төленді