Мектеп оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалатыны белгілі болды

Мектеп оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалатыны белгілі болды

Мектептерде үшінші тоқсан 17 наурызда аяқталады. Көктемгі демалыс биыл 18 наурыздан басталып, 26 наурызды қоса алғанда 9 күнге созылады. Өткен жылы көктемгі демалыс 12 күн болды (2022 жылғы 19-30 наурыз). Биылғы оқу жылында демалыс уақыты жалпы қысқарған.  Бұрын 30 күн болатын, биыл 25 күнді құрайды. Биыл оқу жылы 31 мамырда аяқталады.