Халықтың әл-ауқатын көтеру – басты мақсат
Халықтың әл-ауқатын көтеру – басты мақсат
390
оқылды
 «AMANAT» партиясының облыстық сайлауалды штабының мүшелері Дауыл Бейсенқұлов, Сайд Бегманов және Жамбыл Тлеукеев  «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ  «ЖТ-Жамбыл бөлімшесі» филиалына қарасты Шу стансасының қызметкерлерімен кездесті. Жалпы, мұнда бүгінде 194 адам қызмет етеді. Теміржолшылардың орташа жалақысы – 200-250 мың теңге көлемінде. Атап өтерлігі, мұндағы қызметкерлердің басым бөлігі жалынды жастардан құралған. – Бүгінде жастар саясаты саласындағы жұмыстар қайта жаңғыртылуда. Қазір  «жастар үшін» қағидатынан гөрі «жастармен бірге» қағидаты маңызды рөлге ие. Дәл қазір Жамбыл облысында 258 мың жас тұрады. «AMANAT» партиясы жастарды жұмыспен қамту және тұрғын үй мәселелерін шешу жөнінде нақты қадамдар жасауда. Партия алдағы 5 жыл ішінде Тараз қаласындағы қоғамдық кеңестерде жастар квотасын енгізуге жәрдемдесетін болады. Сондай-ақ әр ауданда «Жасыл Ел» еңбек жасақтарын ұйымдастыру арқылы жыл сайын жазғы кезеңге 1,7 мың адамды жұмысқа орналастыруға тікелей көмектеседі. Ал «Дипломмен – ауылға!» жобасы аясында 700-ден астам жас кадр қамтылмақ. Бұдан бөлек, «Түлектерге арналған жастар практикасы» жобасы шеңберінде жыл сайын кемінде 2 мың жасты жұмыспен қамтамасыз етіледі, – деді кездесу барысында Дауыл Ынтықбайұлы. Айта кетейік, партияның сайлауалды бағдарламаларына сәйкес, жас кәсіпкерлер де үлкен қолдауға ие болады. Осылайша, конкурстық негізде жас кәсіпкерлерге жылдық 2,5% пайызбен жеңілдетілген несиелер берілмек. Ал жігерлі жастардың бастамаларын қолдау мақсатында жыл сайын әртүрлі салалар еңбек ететін 10 азаматқа «Әулиеата үздігі» сыйлығы беріледі. «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранттары да жыл сайын берілетін болады. Жастар арасында жұмыссыздық деңгейін азайту мақсатында жұмыспен қамтылмаған жастардың автоматтандырылған электронды  деректер базасын әзірлеу және енгізу жоспарлануда.  Qaisar  жобасы аясында жоспарланған 70 іс-шара барысында 5 мыңнан астам жас әскери-патриоттық қызметпен қамтылады. «Жастарға жұмыс» жобасы аясында жастар үшін қосымша 5 мың жұмыс орны қамтамасыз етіледі. Жиын соңында облыстық сайлауалды штабының өкілдері шулықтардың талап-тілектеріне құлақ түрді. Тұрғындардың айтуынша, инфрақұрылым, ауызсу, интернет пен жол мәселелері ауылдықтардың бас ауруына айналған. Аманаттықтар барлық ұсыныс ескерілетінін жеткізіп, партия халықтың әл-ауқатын көтеру бағытында жүйелі жұмыстар атқарылатынын айтты.

Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттарының

сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT»

партиясының  Сайлау қоры қаражатынан төленді.