«AMANAT» ішкі өндірісті дамытуды қолдайды

«AMANAT» ішкі өндірісті дамытуды қолдайды

Үгіт-насихат жұмыстары барысында депутаттыққа кандидаттар KazMetiz ЖСШ өндірісінің қызметкерлерімен кездесті. Бекзат Алтынбеков, Құдайберген Бексұлтанов, Александр Куприенко және Асқар Оразбеков "AMANAT"сайлауалды тұғырнамасының басымдықтары туралы баяндады.  Кездесудің басты мақсаты – "AMANAT" партиясының сайлауалды бағдарламасының мәнін түсіндіру, сондай-ақ өнеркәсіп кәсіпорындарының қызметкерлері үшін шешілмеген негізгі мәселелерді тыңдау. Кездесу барысында кандидаттар партияның басымдықтарының бірі – ірі компанияларға шикізатты елде қалдыру тиімді болатындай мәселені шешу болатынын атап өтті. Біз салық ставкаларын бюджет үшін ең маңызды екі салық – КТС және ҚҚС бойынша саралаймыз. "Қазақстандықтар "Қазақстанда жасалған" тауарларымен мақтанатын болады. Біз жеке бастама мен нарықтық экономиканың күшіне сенеміз. Біз ірі, орта және шағын қазақстандық бизнестің патриоттық көзқараста екеніне және біздің экономикалық бағытымызды қолдайтынына сенімдіміз. Біз ортақ күш-жігерімізбен Қазақстанды шын мәнінде құрушы, өндіруші экономикаға айналдырамыз", – деп атап өтті депутаттыққа кандидат Александр Куприенко. "AMANAT" партиясы экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету, жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын ашу үшін бар күшін салады.  

Тапсырыс беруші: Б.К Алтынбеков

Қарағанды облыстық мәслихат депутаттарының сайлауында

партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді