11 адам ұсталды: “Kyzdar.Net” сайтының топ-менеджерлері мен олардың көмекшілері қамауға алынды
11 адам ұсталды: “Kyzdar.Net” сайтының топ-менеджерлері мен олардың көмекшілері қамауға алынды
Ішкі істер министрлігі республика аумағында 11 адамнан тұратын қылмыстық топтың жолын кесті. Олар “Kyzdar.Net” интернет-сайты арқылы жезөкшелікпен айналысатын адамдардың жарнамасын жасап, онлайн жеңгетайлықпен айналысқан және күн сайын 2 млн теңгеге дейін пайда түсіріп отырған, – деп хабарлайды Polisia.kz. Қылмыстық топқа қатысушылардың жалпы ақша айналымы 8 млрд теңгені құрайды (орташа алғанда жылына 2 млрд теңгеден асады). Сайтқа жыныстық сипаттағы 6 мыңға жуық хабарландыру салынған. Сауалнамалар бойынша қабылданған шаралардың нәтижесінде 150 адам анықталып, олардан жауап алынды, олар сайттың топ-менеджерлеріне жүйелі түрде ақша аударып отырғандарын растады. Сараптама негізінде сайттағы материалдар порнографиялық сипаттағы өнімге жататыны анықталды, сондай-ақ ақылы жыныстық қызметтерді іздеп, пайдалануға арналған. Астана, Алматы, Павлодар қалаларында жүргізілген тінту шараларының нәтижесі бойынша, 23 млн теңгеден астам ақша, оның ішінде криптовалюта, автомашиналар, компьютерлер, ұялы телефондар және басқа да цифрлық тасымалдағыштар тәркіленіп алынды. Сот компьютерлік-техникалық сараптама тағайындалды. Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің “Жезөкшелікпен айналысу үшін притон ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық” деген 309-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қазіргі уақытта мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, пайдаланушылардың веб-сайтқа қолжетімділігін бұғаттау бойынша шаралар қабылданып жатыр. Бұл қылмыстық топтың қоғамқа төндірген қаупі адамгершілік құндылықтарды аяқасты ету және жезөкшеліктің таралуына жағдай жасау болып табылады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда. https://www.youtube.com/watch?v=tSeCXlzzgqQ&t=112s