Ақтөбе облысының кәсіпкерлеріне қаржылай қолдау көрсетіледі
Ақтөбе облысының кәсіпкерлеріне қаржылай қолдау көрсетіледі
Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаттығына «АМАNАТ» партиясынан үміткер Құдайберген Бекенов «Кеңес Жиһаз» ЖШС еңбек ұжымымен кездесуде партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндірді. – «АМАNАТ» партиясының сайлауалды бағдарламасында ақтөбеліктерді толғандырып жүрген өзекті мәселелердің барлығы қамтылған.  Атап айтқанда, партия жыл сайын кемінде 300 кәсіпкерлік субъектісіне қаржылық қолдау шараларын көрсетеді. Сондай-ақ бос жұмыс орындарына жыл сайын кемінде 22 мың адамды жұмыспен қамтуға жәрдемдесіп, кемінде 3,5 мың жұмыссызды білім беру ұйымдарында және жұмыс берушілердің жұмыс орындарында оқытуға ықпал ететін болады, – деді Құдайберген Бекенов. Ақтөбе Үміткер партияның алдағы бес жылда қандай жобаларды жүзеге асыратынын  айтып берді. Құдайберген Бекенов партияның жыл сайын кемінде 8 мың жастың жұмысқа орналасуына жәрдемдесетінін, «Жасыл ел» жобасы аясында жыл сайын 1500-ге жуық жас жобаға қатыса алатынын атап өтті.
– Сондай-ақ, партия ақтөбеліктерді қолжетімді сапалы медициналық қызметпен қамтуға бар күш-жігерін салады. Алдағы 5 жылда облыста 42 денсаулық сақтау нысаны салынып, кемінде 100 мың адам скринингтік тексеруден өтеді.  Сондай-ақ  400 медициналық құрал-жабдық сатып алу шаралары қолға алынады. Бұл шаралар 2027 жылға қарай өмір сүру ұзақтығын 73,5 жылға дейін ұлғайтуға, ғимараттардың тозуын 35 пайызға дейін азайтуға, жалға алынған және бейімделген үй-жайларда орналасқан медициналық мекемелердің санын қысқартуға мүмкіндік береді, – деді үміткер.
Партияның сайлауалды бағдарламасын құптайтындарын жеткізген кәсіпорын қызметкерлері бұл бағдарлама ақтөбеліктердің көп мәселесін шешетінін жеткізді.

Ақтөбе облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді