Зообақта баланың саусағын қасқыр тістеп алды

Зообақта баланың саусағын қасқыр тістеп алды

Оқиға Өскемендегі Сол жағалау саябағында орналасқан зообақта болды. Баланың әкесі бірден полицияға шағым түсірген.

«Ер адамның айтуынша, 10 жасар қызы торға қолын сұққанда қасқыр саусағын тістеп алды. Оған бұл оқиғада қандай да бір әкімшілік немесе қылмыстық құқық бұзушылық жоқтығы түсіндірілді. Арызданушы полицияның шешімімен келіспеген жағдайда сотқа жүгінуге құқылы», – деп хабарлады Шығыс Қазақстан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Айта кету керек, хайуанаттар бағында келушілер үшін белгілі бір тәртіп ережелері бекітілген. Соған сәйкес, жыртқыш аңдар тұрған торға өтуге болмайды. Бақта тиісті ескерту белгілері де қойылған.