Астанада ер адам некесін қиған имамды 13 рет пышақтап кетті: әйелі де өзіне қол жұмсады
Астанада ер адам некесін қиған имамды 13 рет пышақтап кетті: әйелі де өзіне қол жұмсады
Фото: instock
Шабуыл жасаған ер адам Жібек жолы ауылының тұрғыны болып шықты. Ол 13 наурызда некеге отырған жарымен жанжалдасқан соң осындай қамаға барған көрінеді, деп хабарлады 716.kz. 14 наурызда елордалық мешіттің имамы ауыр жағдайда жедел жәрдеммен қалалық ауруханаға жеткізілді. Әйелі уксус ішіп, өзіне қол жұмсамақ болғаны анықталды. Қазіргі уақытта әйел де қалалық ауруханаға жатқызылған.