Бүгін атыраулықтар 112 номерінен шұғыл хабарлама алды. Онда 15-17 наурыз аралығында Қызылқоға ауданын су басуы мүмкін екені жазылған.
Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінен білгеніміздей, Ақтөбе облысында орналасқан өзендердегі қар суының еруі - Қызылқоға ауданындағы өзендерді арнасынан тасытуы мүмкін.
Тасқын болған жағдайда жергілікті тұрғындар радио, телевизиялық байланыстарды қоса алғанда, сиреналардың көмегімен жедел ақпараттандырылып, эвакуацияланатын болады. Қазір тасқынның алдын алу бойынша барлық шаралар жүзеге асырылуда», - деп түсінік берді Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті.
Бұған дейін Атырау облысы бойынша 36 елді мекеннің суға кету қаупі алдында тұрғаны хабарланған еді. Су басу қаупі төнген елді мекендерде 86 мыңнан астам адам тұрады.
Баян Жанұзақова