Түркістанда оқ атқан жігіттер анықталды
Түркістанда оқ атқан жігіттер анықталды
357
оқылды
Түркістан облысында аспанға оқ атқан жас жігіттер анықталды. Оқиға 2022 жылы желтоқсан айының 21-інен 22-сіне қараған түні қаладағы рестобарлардың бірінің алдында болған.
Polisia.kz-тің хабарына қарағанда, туған күнге жиналған жастар қызық үшін аспанға оқ атқан. Айғақты зат ретінде ішкі істер органдарына тіркелмейтін, яғни 2 дана сигнал бергіш тапанша алынды.
Қарумен оқ атқан 5 жас жігіттің жеке басы анықталды. Олар Жетісай  тұрғындары болып шықты. ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 3-бөлігі 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.