«Ақтөбеге» жол берді
«Ақтөбеге» жол берді
502
оқылды
Футболдан ел біріншілігінің 3-турында ел­ор­далық «Астана» жеңіліп қалды. «Астана» өз алаңында «Ақтөбе» командасын қабылдады. Ойын барысында ақтөбелік командадан Максим Самородов гол соқса, Андрия Филипович дубль жасады. Абзал Бейсебеков төпелеген соққыға 78-минутта бір голмен жауап қайтарды. Көп өтпей «Ақтөбе» ойыншысы Абылайхан Жұмабек төртінші гол соқты. Осылайша, «Астана» «Ақтөбеге» 1:4 есебімен жол берді. Одан бөлек, қызылордалық «Қайсар» өз алаңында Павлодар облысының «Ақсу» командасын қабылдады. Ойынның бірінші кезеңінде «Қайсар» сапынан Вале­рий Приндета, Горан Милойко, «Ақсу» сапынан Брай­ан, Мирас Тұрлыбек гол соқты. Қос команда тең тарқасты. Айта кетерлігі, «Ордабасы» «Жетісуды» 2:0, «Тобыл» «Шахтерді» 2:1, «Қайрат» «Каспийді» 3:1 есебімен қапы қалдырды. 15 наурызда «Мақтаарал» мен «Атырау», «Оқжетпес» пен «Қызылжар» кездеседі. Жалпы, «Ордабасы» екі тур ұпайы бойынша чемпионат көшін бастап тұр.