Қызылордада 10 адамнан тұратын қылмыстық топ ұсталды (видео)
Қызылордада 10 адамнан тұратын қылмыстық топ ұсталды (видео)
Фото: polisia.kz
3,724
оқылды
Ішкі істер министрлігінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті Қызылорда қаласындағы криминогендік жағдайға ықпал еткен қылмыстық топты ұстады. Бұл туралы Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.   Арнайы операция барысында полиция органдарына 10 күдікті жеткізілді. Олар күзет қызметінде өздері ықпалын жүргізетін аумақтарды бөліске салу үшін бірнеше рет қылмыстық қақтығысқа қатысқан. Ойын-сауық орындарында әдейі жанжал туғызып, сол орындардың иелерін өздерінің қамқорлығын қабылдауға мәжбүр еткен.   https://youtu.be/WxdLEO6QzNk Қылмыстық топтың бірнеше ауыр және аса ауыр қылмыс жасау, соның ішінде кісі өлтіруге оқталу, ауыр дене жарақаттары мен бұзақылық жасауға қатысы бар екені анықталды. Сонымен қатар олар әлеуметтік желілерде қоғамдық орындарда атыс қаруын қолданатын бейнероликтерді бірнеше рет жариялап, өздерінің шамадан тыс еркінсіп кеткенін көрсетті. 20-дан астам тінту шарасы жүргізілді, оқ-дәрілер, суық қару және басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.