«ҚазТрансГаз Аймақ» 37 кәсіпкерден заңсыз қосымша ақы алып отырған
«ҚазТрансГаз Аймақ» 37 кәсіпкерден заңсыз қосымша ақы алып отырған
Фото: nedradv.ru
Түркістан облысының прокуратурасы газды тұтынушылардың құқығын қорғады, – деп хабарлайды Аikyn.kz. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Түркістан өндірістік филиалы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын коммуналдық-тұрмыстық тұтынушыларға заңсыз талаптар жүктеген. Нәтижесінде, газ тұтынудың тәуліктік көлемі артқан кезде оларға әр тәулік үшін 1,2-1,5 мөлшерінде жоғары коэффициент қолданылған. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мұндай талаптар тек өнеркәсіптік тұтынушыларға таратылып қолданылуы мүмкін. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша, өнім берушінің жоғары коэффициентті қолдану мүмкіндігі жойылып, 37 кәсіпкердің құқығы қорғалды. Оларға негізсіз өндірілген 4,7 миллион теңге қайтарылды.